Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев туристер ең аз келетін өңірді атады, деп хабарлайды Kazinform.
«Туристердің санына қатысты айтатын болсақ, онда Ұлытау обылысы тұр. «Неліктен?» деген сауал туындайды. Себебі Ұлытау облысында жатын орындар аз. Тарихи маңызы зор жерлердің көп болғанына қарамастан, онда қонақ үйлердегі орындардың болмауы туристер санына әсер етеді», - деді Ержан Еркінбаев БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.
Сонымен қоса осы брифингі барысында вице-министр шетелдік туристер алданып қалмас үшін келер жылдан QR-код жүйесі енгізілетінін айтты.
Әлихан Асқар
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.