Бүгінгі таңда Жезқазған қаласындағы вокзал бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен мердігер ұйым арасында теміржол вокзалын реконструкциялау жөнінде келісімшарт жасалды. Мердігер тарапынан техника мен мамандарды жұмылдыру жұмыстары басталды.
Алдағы уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары басталады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның мәліметінше, жобада жолаушыларға қажетті бөлмелері бар жаңа вокзал ғимаратын салу көзделген.
Сонымен қатар, жолаушылардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау мақсатында галерея салу және перронды кеңейту қарастырылған.
Қаражал қаласы, Жаңаарқа ауданы және Қызыжар станциясындағы вокзалдарды қайта жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр.