Ұлытау облысында алғаш рет Жас құтқарушылардың кадет сыныбы ашылды

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Ұлытау облысы Сәтбаев қаласындағы «Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп гимназиясы» КММ 5 сынып оқушыларына арналған «Айбын» атты ең алғашқы кадет сыныбының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Kazinform. 

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Іс-шараға Сәтбаев қаласы білім бөлімінің басшысы, Сәтбаев қаласы Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау органының қызметкерлері қатысты.

Басқосу барысында Сәтбаев қаласы Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы оқушыларды құттықтап, жас құтқарушылардың бойында жоғары патриоттық сананы қалыптастыру, азаматтық борышын және Отанды қорғау жөніндегі конституциялық міндеттерді орындауға дайындығы бойынша барлық күш-жігері үшін мұғалімдерге алғысын білдірді. Сондай-ақ ант қабылдаған оқушыларға кадет куәлігін табыстады. 

Аталмыш іс-шара салтанатты шеру мен концерттік бағдарламаға ұласты.