Ұлытау облысында ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелді

Фото: pexels.com

АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол Ұлытау облысында ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелгенін мәлімдеді.

Дерекке қарағанда, 4 наурыз күні сағат 00:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрлері қозғалысына шектеу қойылады: 

- Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті автожолының 216-424 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Ұлытау облысы шекарасы - Жезқазған қаласы);

Жолды 2025 жылғы 04 наурыз сағат 06:00-де ашу жоспарланған.

Айта кетейік, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Кеше Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.