Ұлытау облысында аутизм орталығы жұмысын бастады

Фото: Ұлытау облыстық әкімдігі

ЖЕЗҚАЗҒАН. KAZINFORM — Жезқазған қаласында 1 тамыздан бастап, аутистикалық спектрдегі бұзылыстары бар балаларды қолдау орталығы (autism) КММ өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жаңа орталық жылына 100 баланы қамтуға мүмкіндік береді, ал балалармен 8 клиникалық педагог, Болат Өтемұратұлы қорының Асыл Мирас орталығынан арнаулы оқыту, әдістемелік курсынан өткен мамандар жұмыс істейді.

Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Орталықта ҚР Оқу-ағарту министрлігі тұжырымдамасы бойынша 6 кабинет жұмыс істейді. Олар ерте қолдау кабинеті, оқыту дағдыларын дамыту, әлеуметтік және сөйлеу дағдыларын дамыту, өмірлік дағдыларды дамыту, ата-аналарды қолдау мен сенсорлы, ойын бөлмелері жабдықталған.

Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Аутизм орталығына ПМПК қорытындысы бойынша «Қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара әрекеттестіктің бұзылуы» мен «Қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара әрекеттестіктің қиындықтары» бар балалар қабылданады.

Орталық Жезқазған қаласы Сәтбаев көшесі 62 мекенжайындағы ғимараттың 2-қабатында орналасқан.