Бухгалтер қызметкерлердің есепшоттарына белгіленген жалақы мөлшерінен жоғары қаражатты негізсіз аударған.
— Негізсіз аударылған бюджет қаражатының жалпы сомасы 15,9 млн теңге болды, — делінген хабарламада.
Қаражал қалалық сотының үкімімен бухгалтерге Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2)тармағы бойынша 10 жыл мерзімге ұйымдар мен кәсіпорындарды қаржыландыруға байланысты бухгалтерлік және өзге де қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 8 жыл мерзімге бас бостандығынан шартты түрде айыру түріндегі жазасы тағайындалды.
Айта кетелік Маңғыстау облысында балабақша директор мен есепші ата-аналар төлеген ақшаны өздерінің жеке шоттарына аударып алғаны туралы жазған едік.