«Түнде 112 пультіне Ұлытау облысында екі адам Сарысу көлінде балық аулауға барғаны және байланысқа шықпағаны туралы хабарлама келіп түсті. Келген ТЖМ Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қайықпен жүзіп кетіп, адасып кеткен 1960 және 1968 жылдары туған ер адамдарды тапты. Олар зардап шеккен жоқ», — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін ШҚО-да жағаға жете алмай қалған 4 балықшы құтқарылғанын жазған болатынбыз.