Ұлытау облысында екі басқарманың басшысы ауысты
АСТАНА. KAZINFORM — Ұлытау облысында қоғамдық даму басқармасы және Қаржы басқармасының басшылары тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бақытжан Жайлаубаев Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Бақытжан Өміртайұлы Жайлаубаев 1984 жылы 21 қаңтарда туған.
Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Әр жылдары Сәтбаев қаласы мәдени-сауық орталығының директоры, Сәтбаев қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы;
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті талдау және жоспарлау басқармасының басшысы;
Энергетика министрлігі цифрландыру және ақпараттандыру басқармасының басшысы болып қызмет еткен.
Ұлытау облысы құрылғаннан бастап, осы уақытқа дейін Жезқазған қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары болған.
Сонымен қатар, Жеңіс Қиянбеков Ұлытау облысы Қаржы басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Жеңіс Шәдіұлы Қиянбеков 1986 жылы 9 мамырда туған.
Мамандығы бойынша қаржыгер және заңгер.
Қазақ ұлттық аграрлық университетін және Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын Алматы облысының қаржы басқармасында жетекші маман болып бастаған.
Әр түрлі жылдары Алматы облысы қаржы басқармасы бюджет атқарылуын мониторингілеу бөлімінің басшысы;
Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің шоттар және түсімдер бөлімінің басшысы;
Қарағанды облысы Ұлытау ауданы және Жезқазған қаласы қазынашылық басқармасының басшысы болған.
Кейінгі жылдары ҚР Бас прокуратурасы ішкі аудит басқармасының және Ұлытау облысы бойынша қазынашылық департаментінің басшысы болып қызмет етті.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Талғар қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Бауыржан Байбатыров тағайындалды.
Сондай-ақ, Астанада екі ауданның әкімі ауысқаны белгілі болды.