Ұлытау облысында «Тасбұлақ» демалыс орны ашылды

Фото: Ұлытау облыстық әкімдігі

ЖЕЗҚАЗҒАН. KAZINFORM – Ұлытау ауданында «Тасбұлақ» демалыс орны ресми түрде пайдалануға берілді. 

Ұлытау облыстық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жоба Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында «Қазақмыс» корпорациясының қолдауымен жүзеге асып отыр. 

Фото: Ұлытау облыстық әкімдігі

Салтанатты іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Жәнібек Нөпіров қатысып, нысанның ашылуымен құттықтады. 

Фото: Ұлытау облыстық әкімдігі
Фото: Ұлытау облыстық әкімдігі

Сондай-ақ мұндай ерекше демалыс орнының маңыздылығын атап өтіп, аудан тұрғындары мен қонақтары үшін таптырмас демалыс орны болатынын жеткізді. 

Фото: Ұлытау облыстық әкімдігі
Фото: Ұлытау облыстық әкімдігі

Демалыс орнының аумағы – 600 шаршы метрден астам. Аталған орында жасыл желектер, ағаштар отырғызылып, толық абаттандырылған. Сонымен қатар Ұлытаудың тарихын айқындайтын белгі тас орнатылған.