Ұлытау облыстық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жоба Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында «Қазақмыс» корпорациясының қолдауымен жүзеге асып отыр.
Салтанатты іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Жәнібек Нөпіров қатысып, нысанның ашылуымен құттықтады.
Сондай-ақ мұндай ерекше демалыс орнының маңыздылығын атап өтіп, аудан тұрғындары мен қонақтары үшін таптырмас демалыс орны болатынын жеткізді.
Демалыс орнының аумағы – 600 шаршы метрден астам. Аталған орында жасыл желектер, ағаштар отырғызылып, толық абаттандырылған. Сонымен қатар Ұлытаудың тарихын айқындайтын белгі тас орнатылған.