Ұлытау облысы Полиция Департаментінің мәліметінше, 4 қаңтарда Қызылорда-Павлодар автожолында екі автокөліктің қатысуымен жол апаты болды.
— Оқиға салдарынан үш адам қаза тапты. Бұл факт бойынша алдын ала тергеу басталды. Оқиға орнында барлық жағдайлар мен себептерді анықтайтын тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, — делінген хабарламада.
Ұлытау облысының полиция департаменті барлық жол қозғалысы қатысушыларына жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың қажеттілігін ескертеді.
— Өз өміріңізді және айналаңыздағы адамдардың өмірін сақтаңыз, — деп ескертті ведомство.
Еске салсақ, бұған дейін Семейде жарыс кезінде Ертіс өзеніне көлік құлап кеткенін жазған едік.