Ұлытау облысы әкімдігінің мәліметінше, 17 желтоқсан күні сағат 9:50–де ауа райының қолайсыздығына байланысты электр жүйесінде апат болған.
— Бүгін таңғы 5:00–ке дейін электрик мамандар апатты электр жүйесін қалпына келтіру үшін жұмыс істеді. Қазір 385 абонент жарықсыз қалып отыр. Оның ішінде әкімдік, Қазпошта, Мәдениет үйі сондай-ақ № 1 орта білім беру мектебі де бар, — деді облыс әкімінің орынбасары Ұлантай Үсенов.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлытау облысындағы Қаражал қаласына 1 млрд теңге инвестиция салынатынын жазған едік.