Ұлытау облысының агро саласына 4 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Биыл Ұлытау облысында 0,6 мың тонна көкөніс дақылдары, 1,1 мың тонна картоп және 10,0 мың тонна дәнді дақылдар жиналды. Қысқы мал азығы үшін 539 мың тонна шөп, 4 мың тонна пішен және 40 мың тонна жемшөп дайындалды, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: Kazinform

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалиннің жергілікті ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесуде мәлім болды.

Вице-министрдің айтуынша, аймақтың АӨК-не 4,1 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде өсімдік шаруашылығына – 61,8 млн. теңге, мал шаруашылығына - 2,6 млрд. теңге және қаржы құралдарына-1,4 млрд теңге. "Ауыл аманаты" бағдарламасы аясында Ұлытау фермерлеріне 3,3 млрд.теңге бөлінді. Соның арқасында ауыл тұрғындарына 104 шағын несие берілді. Сондай-ақ, өңірде 789 млн теңгеге 4 инвестициялық жоба іске асырылуда. 2024 жылға 3,6 млрд теңгеге 3 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған.

Аманғали Бердалин жергілікті аграршыларды ерекше мазалайтын субсидиялар мәселесін де айналып өткен жоқ.Субсидиялардың қолжетімділігін арттыру үшін АШМ ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін «күту парақтарын» енгізген. Бұдан басқа, негізгі мемлекеттік ақпараттық базалармен интеграцияланған тегін ақпараттық жүйе субсидия алу процесін жеңілдетті.

Өз кезегінде фермерлер вице-министрден өнімнің экспорты мен импортына қатысты жағдай туралы сұрады. АШМ басшысының орынбасары министрлік импортты азайту үшін өңірлерде СҚО тәжірибесі бойынша СТФ құрылысына ерекше көңіл бөлінгенін түсіндіріп өтті. Аманғали Бердалин Ауыл шаруашылығы министрлігі мен еліміздің барлық фермерлеріне еттің өзіндік құнын азайту үшін жұмыс істеу керектігін, бұған жануарларды күтіп-бағудың және оларды азықтандырудың жаңа технологиялары көмектесетінін айтты.

Сондай-ақ, шаруаларды аймақта ветеринарлық зертхананың құрылуына байланысты мәселелер толғандыратын көрінеді. Вице-министр ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамыту тұжырымдамасы аясында Ұлытау облысында осындай зертхана ашу қарастырылғанын атап өтті. Қазіргі уақытта министрлік пен жергілікті атқарушы орган арасында ғимарат сатып алу немесе құрылыс мәселелері бірлесе пысықталуда.

Бұдан бөлек, Аманғали Бердалин ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне арналған «TortTulik» мобильді қосымшасы туралы халықты ақпараттандырудың маңыздылығын атап өтті. Ол ауыл шаруашылығы жануарларының базасын кеңейтуге көмектеседі, өйткені әр қожалық иесі, ол ШҚ, ЖШС немесе ЖҚШ болсын, өз мал басын түгендей алады. Осының арқасында ветдәрігерлер ветеринарлық-профилактикалық іс-шараларды уақытылы және толық көлемде жүргізуге мүмкіндік алады.