Атап айтқанда, ұзақ жылдарын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұстаздар мен ардагерлерге «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медальдары тапсырылды.
— Ұстаз — ұлттың болашағын қалыптастыратын ең қадірлі мамандық иесі. Сіздердің білім мен тәрбие жолындағы адал еңбектеріңіз, жас ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуына қосқан үлестеріңіз қашанда жоғары бағаланады. Бүгінгі марапат — ел болашағы үшін атқарған қажырлы қызметтеріңіздің лайықты жемісі, — деп атап өтті облыс әкімі өз сөзінде.
Марапат иелері көрсетілген құрмет үшін ризашылықтарын білдіріп, білім саласының дамуына аянбай еңбек ете беретіндерін атап өтті.