Бүгінде Жезқазған қаласындағы 22 мектепте арнайы жәшіктер орнатылып, оқушылар қағаз, пластик және басқа да қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін күнделікті тәжірибеге енгізе бастады.
— Жоба оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыруға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар, сұрыпталған қалдықтарды тапсыру үшін EcoQolday мобильді қосымшасы арқылы өтінім беру мүмкіндігі қарастырылған, — делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, Астана қаласынан кейін мектептерде экобокстарды жаппай орнату тәжірибесін енгізген алғашқы өңірлердің бірі — Жезқазған қаласы. Мұндай бастамалар жас ұрпақтың мектеп қабырғасында экологиялық мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Осыған дейін Астана мен Жезқазған мектептеріне 1000-нан аса экобокс орнатылатыны хабарланған еді.