Ұлытау облысының прокуратурасы: 200 млн теңгеден астам салық берешегі өндірілді

Фото: Мұхтар Холдорбеков /"ҚазАқпарат" ХАА

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлытау облысының прокуратура органдары салық саласында 20 тексеру мен талдау жүргізіп, 30 тұлғаны жауапкершілікке тартты. Нәтижесінде 200 млн теңгеден астам салық берешегі өндірілді. Бұл туралы Ұлытау облысының прокуратурасы

Ұлытау облысы прокурорының төрағалығымен заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Кеңес барысында салық заңнамасының сақталуы бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының қызметіне жүргізілген тексеру нәтижелері, сондай-ақ мемлекет пайдасына және алимент өндіру мәселелерінде сот орындаушылары қабылдаған шаралардың заңдылығы мен тиімділігі қаралды.

Биыл жалпы прокуратура органдары салық саласында 20 тексеру мен талдау жүргізіп, 30 тұлғаны жауапкершілікке тартты. Нәтижесінде 200 млн теңгеден астам салық берешегі өндірілді.

Атқарушылық іс жүргізу аясында 21 қылмыстық іс (ҚК-нің 139-бабы бойынша) қозғалды, 31 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен 10 жүргізушінің куәлігі уақытша тоқтатылып, 12 автокөлік айып тұрағына қойылды. 30 борышкерге іздеу жарияланып, 22-сі тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Отырыс қорытындысында уәкілетті органдарға салықтардың бюджетке уақытылы әрі толық түсуін қамтамасыз ету, мемлекет пайдасына және алимент берешегін өндіру, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша нақты тапсырмалар жүктелді. 

Айта кетелік биыл Ұлытау облысы 158 млрд теңге инвестиция тартты