АСТАНА. KAZINFORM – Сұңқылдақ аққу – табиғаттың ең әсем әрі сирек кездесетін құстарының бірі.
Аққу қазақ дүниетанымында тазалықтың, адалдықтың және сұлулықтың символы саналады.
Мамандардың мәліметінше, сұңқылдақ аққу Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында кездеседі.
Құс, әсіресе көктем мен күз мезгілдерінде тынық көлдер мен өзен маңында жиі байқалады.
Сұңқылдақ аққу Қазақстандағы қорғауға алынған сирек құстардың қатарына жатады.
Айта кетейік, Павлодар облысында мұз құрсауынан құтқарылған аққулар айдынына оралды.