Ұлытауда кәсіпкерлер үшін коммуналдық қызмет тарифтері төмендетілді — Антикор

ЖЕЗҚАЗҒАН. KAZINFORM – Ұлытауда Антикордың ұсынысы бойынша бизнес саласындағы коммуналдық қызметтер тарифтерінің есебі өзгертілді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Фото: Pixabay

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бизнесті мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз араласудан қорғау тұрақты бақылауға алынды.

«Бизнеске жол» жобасы аясындағы шаралардың арқасында бизнес субъектілері үшін коммуналдық қызметтерге тарифтерді есептеудің оң тәжірибесін белгілеуге мүмкіндік туды. Мәселен, Жезқазған қаласында кәсіпкер мектепте тамақтануды қамтамасыз ету байқауында жеңіске жетті. Жасалған шарт аясында оған асхананың үй-жайы мен жабдықтарын жалға беру қамтамасыз етілді. Шарттың талаптарына сәйкес коммуналдық қызметтер үшін төлем үй-жайдың меншік иесі-мемлекеттік органға жүргізілді», - делінген агенттік хабарламасында. 

Алайда, бұл кәсіпкер үшін айтарлықтай негізсіз шығыстарға алып келді, өйткені бизнес үшін тариф 12,55 теңге, ал мемлекеттік мекемелер үшін — 71,47 теңге, бұл 5,6 есе көп.

Бизнес мүдделерін қорғау үшін Жезқазған қаласының № 8 және 11 мектептерінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысы бойынша шарт талаптарында өзгерістерге қол жеткізілді.

Енді электр энергиясы үшін төлем тікелей электр энергиясын жеткізушілерге кәсіпкер белгілеген есептегіштің көрсеткіштеріне сәйкес, ал жылу энергиясы үшін — үй-жайдың ауданына қарай жүргізіледі.

Бұл шаралар бір кәсіпкерге жылына 1 млн теңгеден астам қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді.

Бұған дейін хабарланғандай, Шымкентте пара алмақ болған санитарлық қадағалау саласына жауапты басшылар сотталды.