Ұлытау облысы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері пара беру дерегінің жолын кесті.
Ер адам алаяқтық фактісі бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс бойынша оң шешім қабылдату мақсатында тергеушіге ақшалай сыйақы ұсынған.
Тергеу бөлімінің қызметкері күдіктінің заңсыз әрекеттері туралы өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарлаған.
— Жедел іс-шаралар барысында күдікті ақшаны беру кезінде қылмыс үстінде ұсталды. Қаражат тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді, — делінген ведомство хабарламасында.
Полиция пара беру заң бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады. Жаза айыппұл салудан бастап бас бостандығынан айыруға дейінгі шараларды қамтиды.
Бұған дейін Ұлытау облысында жол ережесін өрескел бұзған 8 жүргізуші жауапқа тартылғанын жазғанбыз.