Ұлытауда құраш күресінен Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр
12:48, 14 Наурыз 2026
ЖЕЗҚАЗҒАН. KAZINFORM – Ұлытау облысында 2013–2014 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында құраш күресінен Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр.
Республикалық додаға еліміздің 11 облысынан 203 жас спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтап жатыр.
Чемпионаттың басты мақсаты – құраш күресін дамыту, жас спортшылардың шеберлігін шыңдау және болашағынан үміт күттіретін балуандарды анықтау.
Жарыс 13–15 наурыз аралығында өтіп, қатысушылар бірнеше салмақ дәрежесі бойынша бақ сынайды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай республикалық деңгейдегі жарыстар жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығын арттырып, ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді.