Ұлытауда киіктер қырылып жатыр

ЖЕЗҚАЗҒАН. KAZINFORM — Жезқазған мен Қаражал қаласының маңында үш мыңға жуық киіктің өлексесі табылды. Табиғат қорғаушылар жануарлардың неден қырылғанын түсіндірді.

Фото: instagram.com/asshot.inc

Ұлытау облысында киіктер жаппай қырылып жатқаны жайлы әлеуметтік желіде бейнероликтер жарияланды. 

Осыған дейін Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев киік санын қалай реттейтінін айтты.