Ұлытауда жаңа Конституцияны қолдауға арналған форумға мыңға жуық жас жиналды

Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

ЖЕЗҚАЗҒАН. KAZINFORM — Жезқазған қаласындағы «Жігер» спорт кешенінде алдағы референдумды қолдауға арналған «Әділетті әрі прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» атты форум өтті. 

Іс-шараға мыңға жуық қатысушы жиналды.

Форум барысында қатысушыларға конституциялық өзгерістердің маңызы, олардың елдің одан әрі дамуына және әділетті, прогрессивті қоғам қалыптастырудағы рөлі түсіндірілді. Сондай-ақ референдумның Қазақстанның болашағы үшін маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

Форумға мыңға жуық жас қатысты. Олардың қатарында студенттер, жұмысшы мамандық иелері, ұлттық компаниялардың қызметкерлері, медицина саласының өкілдері, шығармашыл жастар және өзге де белсенді азаматтар бар.

Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

Жиында Жезқазған қалалық Жастар ресурстық орталығының директоры Сәкен Қайратов, «Amanat» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты облыстық филиалының төрайымы Нұргүл Талғатбекова, сондай-ақ «Ұлар-Ұлытау» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абай Ораз сөз сөйледі. Спикерлер жастардың елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтіп, мемлекет болашағына қатысты мәселелерде белсенді болуға шақырды.

Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

Форум концерттік бағдарламамен жалғасты. Шара барысында жас орындаушылар патриоттық әндер орындады.

Іс-шара ашық диалог пен пікір алмасуға арналған алаңға айналып, өңірдің белсенді жастарын алдағы референдумды қолдау және Қазақстанның одан әрі дамуы идеясы төңірегінде біріктірді.