Бірақ та, ұйымдастырушылар, Үлкен адрондық коллайдердің басты сынағы жаңа жылдың алғашқы екі айында өткізілетінен, сол кезде ғалымдар протондарды бір-біріне соға отырып, жарылыс жасауға тырысатынын айтып отыр. Тәжірибелік сынақ ғаламның пайда болуымен байланысты бірқатар мәселелерді анықтауға көмектеседі, дейді ғалымдар.
Женеваның маңында, швейцария-француз шекарасында салынған коллайдер протон шоқтарын қарсы күшпен айдайтын күрделі кешен. 100 метр тереңдікке салынған 27 шақырымдық шеңберден тұратын құрылыста протон шоқтарын айдау үдерісін 53 жоғары магнит өткізгіші басқарады. Өткен жылдың қыркүйек айында алғаш іске қосылған кезде, коллайдердің магнит жүйесінен ақаулар табылған еді. Соның салдарынан жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін коллайдердің жұмысы тоқтатылған болатын. Коллайдер өткен аптада қайта іске қосылды.