Енгізілген өзгерістердің басты ерекшелігі — жол жүру ақысын уақытылы төлейтін пайдаланушылар үшін төлем мөлшері бұрынғы деңгейде сақталады.
— Төлемді уақытылы жүргізетін пайдаланушылар үшін жол жүру құны көлік құралының санатына қарай 0,07 АЕК-тен (302,75 теңге) 0,22 АЕК-ке (951,5 теңге) дейінгі мөлшерде сақталады.
Сонымен қатар, бұйрықпен негізгі тарифтер қайта қаралды. Олар көлік құралының санатына қарай 0,14 АЕК-тен (605,5 теңге) 0,44 АЕК-ке (1903 теңге) дейін белгіленген. Алайда бұл тарифтер жол жүру ақысы тіркелген күннен кейін жеті жұмыс күні ішінде төленбеген жағдайда ғана қолданылады, — делінген министрлік хабарламасында.
Енгізілген өзгерістер төлем тәртібін сақтауды ынталандыруға бағытталған және жол жүру ақысын уақытылы төлейтін пайдаланушыларға әсер етпейді.
— Жол жүру құнын есептеу тәртібі өзгеріссіз қалады. Бұрынғыдай төлем мөлшері көлік құралының санатына және ақылы жол учаскесінде бір сағатқа дейін болуына қарай есептеледі. Жүріп өткен қашықтық жол жүру ақысына әсер етпейді.
Алматы облысының Талғар, Қарасай және Іле аудандарының тұрғындары үшін қолданыстағы жеңілдіктер де сақталады. Бұл санаттағы пайдаланушылар үшін айлық және жылдық абонементтердің құны өзгермейді, — делінген хабарламада.
Өзгерістер бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, яғни 2026 жылғы 16 тамыздан бастап күшіне енеді.
Айта кетелік ақылы автомобиль жолдарын кімдер тегін пайдалана алатыны туралы жазған едік.