Үлкен Алматы айналма жолында апаттық тұрақ аймақтары ашылды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – ҮАААЖ бойында қауіпсіздік үшін жаңа аймақтар ашылды.
Үлкен Алматы айналма автомобиль жолында бойында апаттық тұрақ аймақтары пайда болды. Бұл туралы ақылы жолды басқарушы компания хабарлады.
Ресми мәліметке сәйкес, жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру мақсатында 800 м, 400 м және тікелей тұрақ аймағының алдында (0 м) алдын ала ескерту белгілері орнатылған.
Еске салайық, Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының құрылысы 2018 жылы басталды. Автокөлік жолы Алматы облысының 3 ауданы — Қарасай, Іле, Талғар аудандарының аумағын басып өтетіні хабарланды.
1 А техникалық санаты бойынша салынған 66 шақырымдық айналма жол 2023 жылдың 16 маусымында қолданысқа берілді.
Ал 2023 жылдың 21 шілдесінен бастап Үлкен Алматы айналма жолы ақылы жолға айналды.
Бұған дейін Алматы көшелері Үлкен Алматы айналма жолына дейін ұзартылатынын жазғанбыз.