Алматы әкімдігінің мәліметінше, қазір Үлкен Алматы өзені арнасын қайта жаңғырту және оған іргелес аумақты көріктендіру жұмыстары жүріп жатыр. Сондықтан құрылыс жұмыстарына байланысты жағалаудың кейбір аумағында жаяу жүргіншілер қозғалысы кезең-кезеңімен уақытша шектеледі.
Алғашқы кезеңде жұмыстар №1 бөгеттен әл-Фараби даңғылына дейінгі шығыс жағалау бөлігінде жүргізіледі. Кейін шектеу жағалаудың Абай даңғылына дейінгі келесі аумақтарында кезең-кезеңімен енгізіледі.
Жұмыс барысында суару жүйесі мен жүргінші жолы қалпына келтіріліп, жиектастардың бір бөлігі ауыстырылады. Сондай-ақ бұталар мен көгал қайта егіліп, ағаштар санитарлық мақсатта кесіледі.
- Қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша шектеуді ескеріп, жол белгілерінің талабын сақтауды және бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - деп хабарлады әкімдіктен.
Еске салайық, бұған дейін мердігер Үлкен Алматы өзенін жаңғырту жобасын мерзімінде аяқталмағаны белгілі болды