Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен жүру құны қанша болады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының» учаскелерін ақылы негізде пайдалану туралы бұйрық-жобасын жариялады. Құжат «Ашық» НҚА порталына орналастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұйырықта көрсетілгендей, жол жүру құны автокөліктің жүріп өткен жолына байланысты болмайды. Өзгеріске сай, енді көлік жүргізушілері мына соманы төлейді:

- жеңіл автомобильдер - 0,07 АЕК (241,5 теңге);

- 16 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері - 0,12 АЕК (414 теңге);

- 32 жолаушыдан артық адам сыйатын автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері - 0,22 АЕК (759 теңге);

- 32 жолаушыдан артық адам сыйатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері - 0,36 АЕК (1 242 теңге);

- жүк көтергіштігі 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері - 0,43 АЕК (1483,5 теңге);

- жүк көтергіштігі 15 тоннадан басталатын, оның ішінде тіркемелері бар жүк автомобильдері - 0,72 АЕК (2 484 теңге).

Сондай-ақ, «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы» арқылы өту үшін 1 ай және 1 жылға абонемент қарастырылған.

Бір айға абонемент:

- жеңіл автомобильдер - 0,5 АЕК (1 725 теңге);

- 16 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері – 2,5 АЕК (8 625 теңге);

- 32 жолаушыдан артық адам сыйатын автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері - 4 АЕК (13 800 теңге);

- 32 жолаушыдан артық адам сыйатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері - 5 АЕК (17 250 теңге);

- жүк көтергіштігі 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері - 6,5 АЕК (22 425 теңге);

- жүк көтергіштігі 15 тоннадан басталатын, оның ішінде тіркемелері бар жүк автомобильдері – 8,5 АЕК (29 325 теңге).

Бір жылға абонемент:

- жеңіл автомобильдер - 10 АЕК (34 500 теңге);

- 16 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері - 30 АЕК (103 500теңге);

- 32 жолаушыдан артық адам сыйатын автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері - 50 АЕК (172 500 теңге);

- 32 жолаушыдан артық адам сыйатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері - 60 АЕК (207 000 теңге);

- жүк көтергіштігі 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері - 80 АЕК (276 000теңге);

- жүк көтергіштігі 15 тоннадан басталатын, оның ішінде тіркемелері бар жүк автомобильдері – 100 АЕК (345 000 теңге).

Пайдаланушы жол жүру ақысын мынадай тәсілдермен төлейді:

- концессионер белгілеген ақы алу жүйесінің көмегімен автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі бойынша шотқа ақша қаражатын енгізу жолымен алдын ала төлем бойынша;

- концессионер басқаратын ақылы жолғакіргеннен бастап туындаған берешекті 7 күн ішінде өтеу және автокөлік құралын олардың қолданылу аймағында бақылау аркалары тіркегеннен кейінгі төлем.

Құжат 17 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.