«Бүгінгі таңда консорциум дайындық жұмыстарына кірісіп кетті. Биыл мамыр айында құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау көзделген. 2021 жылы құрылыс аяқталып, жолды ақылы негізде пайдалану басталады», - деді министр бүгінгі Үкімет отырысында.
Министр өз баяндамасында «Алсим Аларко - Макйол - СК - Кореян Экспресс Вэй» консорциумымен Қазақстанда бірінші ірі концессиялық жобасын іске асыруды бастау келісімшартына осы жылдың 7 ақпанында қол қойылғанын еске салды.
Айта кетсек, жобаның жалпы құны 512 млрд теңге болып отыр.