«Мыңдаған туристерді, қала тұрғындары мен оның қонақтарын Жосалы (Үлкен Алматы) көліне апаратын жолдың жағдайын тексердім. Көлдің экожүйесіне жүктемені азайту үшін экоавтобустарды іске қосу және жеке автокөліктердің жүруіне шектеу қою мүмкіндігін қарастырмақпыз. Осы арқылы Жосалы көліне апарар жолдың қауіпсіз, жайлы және экологияға зиян келтірмеуін көздейміз», деп жазды қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында.
17:14, 20 Қазан 2019
Үлкен Алматы көліне экоавтобустар қатынауы мүмкін
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімдігі Жосалы (Үлкен Алматы) көліне қатынайтын экоавтобус шығаруды қарастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.