Табиғаттың тосын құбылысын ҚР АШМ трансшекаралық өзендер департаменті директоры Игорь Коваль ҚазАқпарат тілшісіне түсіндірді.
«Проблема бар. Бұл тау жүйесінің жалпы проблемасы. Соңғы 30-40 жылда дүниежүзінің барлық тау жүйелерінде мұздықтар қоры 30%-ға азайған. Бұл мәселе Іле Алатауы мен Талғар тауына да жетті. Бұл - обьективті фактор. Себебі, бізде мұздықтар ұзақ жылдар бойы зерттеліп келеді», - дейді Игорь Коваль.
Айта кету керек, осының алдында Алматы маңындағы хостел иелері мен қалалық Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының мамандары Үлкен Алматы көлінің туристерге қолжетімділігін талқылаған болатын.