Оның мүрдесі судан сағат 14:13-те ҚР ТЖМ Алматы қалалық ТЖД-нің су-құтқару қызметіндегі 5 адам мен 1 техникасының күшімен шығарылды.
Судағы қайғылы оқиғалар Шығыс Қазақстан облысында да болды, Ертіс өзенінде суға шомылу кезінде 29 жасар ер адам батып кетті, ал Солтүстік Қазақстан облысындағы Мамлютка қаласындағы жасанды қазаншұңқырда 37 жастағы әйел суға батып кетті.
Бұдан басқа, Солтүстік Қазақстан облысындағы Логовое көлінде бейсенбі күні судан 10 шілде күні батып кеткен 39 жастағы ер адамның мүрдесі шығарылды, СҚО-ғы Ауыртау ауылындағы қазаншұңқырда 11 шілде күні суға батып кеткен 55 жастағы ер адамның мүрдесі шығарылды.