Михаил Кукушкин (әлемнің 67 ракеткасы) колумбиялық Алехандро Фалладан (83) ұтылды - 7:6, 2:6, 2:6, 3:6
Ал Андрей Голубев швейцариялық Станислав Вавринкамен кездесіп, бірінші сетте 6:2 есебімен ұтылған. Екінші сеттегі нәтиже 4:1-ге жеткенде жарақат алып, кездесуден бас тартты.
Жақында ғана Қазақстанға Украинадан келген Александр Недовесов чех Томаш Бердыхтан аса алмады.
Әйелдер арасындағы бәсекеге қазақстандықтар бүгін шығады. Дегенмен, жарыстың алғашқы күні америкалық Винус Уильямс ресейлік Елена Макароваға жол берді, деп хабарлайды «Аламан».
Әлемнің алтыншы ракеткасы чех Петра Квитова жиырмадағы таи Луксика Кумхумнан ұтылып қалды. Жетінші ракетка итальяндық Сара Эррани екі сетте неміс Жулия Джоргестен жеңілді. Тағы бір итальяндық он екінші ракетка Роберто Винчи қытайлық Джен Джиден айласын асыра алмады.