АСТАНА. ҚазАқпарат – Сербиялық теннисші Новак Джокович АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Н.Джокович финалда ресейлік, әлемнің 3-ракеткасы Даниил Медведевті 6:3, 7:6 (7:5), 6:3 есебімен тізе бүктірді.
Осылайша, әлемдік рейтингте қайтадан көш бастайтын сербиялық спортшы «Үлкен дулыға» турнирін 24 рет ұтып алды. Бұл көрсеткіш жөнінен ол аустралиялық теннисші Маргарет Кортпен теңесті.
Жарыстағы жеңісі үшін Джокович 2 мың рейтингілік ұпайға ие болып, 3 млн АҚШ доллары көлемінде табыс тапты. Д.Медведевтің үлесіне 1200 рейтингілік ұпай мен 1,5 млн доллар тиді.
Сонымен қатар 36 жастағы Джокович АҚШ ашық чемпионаты тарихында ең жасы үлкен жеңімпаз болды. Новак аустралиялық Кен Розуолдың рекордын жаңартты. Бұл теннисші 1970 жылы 35 жасында үздік шыққан еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын АҚШ ашық чемпионатында 19 жастағы теннисшінің жеңімпаз атанғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).