Үлкен Дж. Бушта қонақта болуым АҚШ президентімен кездесу барысында жақсы әңгі менің өрбуіне септігін тигізді- Н. Назарбаев

А. Қарашаның 13-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑ Үлкен Дж. Бушта қонақта болуым АҚШ президентімен кездесу барысында жақсы әңгіменің өрбуіне септігін тигізді. Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  республикалық телеарналар бойынша өткен тікелей  желідегі сұхбатында осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сіздің шетелдік сапарларыңыз барысында қандай оқиғалар есте қалды?» деген алматылық тұрғын сауалына Мемлекет басшысы 2006 жылы АҚШ-қа ресми сапары барысында орын алған оқиғаны есіне алды. «Мені АҚШ президентімен кездесуімнің алдында оның әкесі Үлкен Д. Буш өзінің «ранчосына» шақырған болатын. Біздің арамызда жақын достық қатынас та орнаған. Келген күні кешке дейін біз әңгімелесіп,  түрлі мәселелерді еске алдық. Сол күні досымның үйіне қонып шықтым. Таңертең тұрсам, Үлкен Буш мұхит жағасында демалып отыр екен. Біз өзара тағы әңгімелестік. Ол президентпен кездесуімнің алдында өзіне сұрағым бар-жоғын білгісі келді. Мен ешқандай сұрақ жоқ екендігін, өзімнің ескі досыма тек қонақ ретінде келгендігімді айттым. Ол президенттің әкесі болғанымен де, АҚШ-тың қарапайым азаматы екендігін айтып, «сонда да сен кіші Бушпен кездескенде «41 43-ке (41-ші президент 43-інші президентке) жақын сенбіде барып әкеңді танытамын» деп сәлем айтты де. Дәл осылай айт», деді Үлкен Дж. Буш. Мен АҚШ Президентімен кездесу барысында әкесінің баласына айтқан сәлемін тура сол қалпында жеткіздім. Осындай әзілден кейін біздің АҚШ президентімен болған әңгімеміз жақсы өрбіп кетті», деді Н. Назарбаев. 

«Шындығында бұндай кездесулерде келіссөздер оңай өтпейді. Бірақ, елдерді бір-бірімен жақындастыру барысында көптеген оқиғалар, оның ішінде есте жақсы сақталатын жағдайлар жиі кездеседі», деді Елбасы.