БАҚ үлкен Джордж Буштың өміріне еш қауіп төніп тұрмағандығын мәлімдеуде. Оның не себепті ауруханаға түскендігі әзірге белгісіз. Бұрынғы америкалық көшбасшының өкілі хабарлағандай, Буш бірнеше күннен кейін үйіне оралады.
Джордж Герберт Уоокер Буш 1924 жылы 12 маусымда Массачусетсте дүниеге келді. 1989-1993 жылдар аралығында ол Америка Құрама Штаттарының 41-ші президенті болған.