Үлкен көзді ит рекордтар кітабына енді

АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат -  АҚШ-тың Техасында әлемдегі ең көзі үлкен ит анықталды. Бруски атты бостон-терьер Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Бұл туралы  BNews.kz  хабарлайды.

Lenta.ru порталының хабарлауынша, иттің әр көзінің диаметрі 2,8 см - ауру белгісі емес, бостон-терьер тұқымының туабітті артықшылығы. Ветеринар Брускидің иесі - 18 жастағы бойжеткен Виктория Ридке иттің көздерін суретке түсіріп, рекордтар кітабы сайтының әкімшілігіне жолдауға кеңес береді. Көп ұзамай Гиннес кітабының өкілдері бостон-терьердің жетістігін тіркеуге алған.