- Сәуір айында біз тағы да рингке шығуға әзірміз. Бірінші кезекте Джеймс Дигейлмен жұдырықтасамыз. Ал орта салмаққа келер болсақ, онда Геннадий Головкинмен. Біз онымен келіссөздерді тезірек бастап кеткіміз келеді. Өткен жылы бұл кездесу жайлы келісудің сәті түспеді, сондықтан біз мұны 2017 жылы міндетті түрде ұйымдастырамыз, - деді үлкен Юбэнк.
Еске сала кетсек түнде кіші Юбэнк австралиялық Ренолд Куинланмен жұдырықтасып, 10-раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.