Үлкен мерекеге - үлкен сенбілік!
Бұл шара Қазақстанның коммерциялық емес жастар ұйымдарының қолдауымен өткізілмек.
«Бұл - үлкен жалпықазақстандық бірлескен жинастыру жұмыстары болмақ. Біз өз қатарымызға тек жастарды ғана емес, еліміздің ересек тұрғындарын да тартқымыз келеді. Себебі, бүкіл ел ауқымындағы үлкен сенбілік сияқты шараға жауапкершілікпен қарағанымыз маңызды. Елімізді бұдан да таза әрі көрікті ету үшін әр азамат өз үлесін қосқаны жөн», - дейді Теміртау жастар клубының өкілі, Теміртау қаласындағы сенбілікті ұйымдастырушысы Алексей Ломакин
Алда үлкен мереке - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы, еліміз бұл орайда көрікті әрі күтімді болуы қажет. Сенбілікке барша қалаған адамдар шақырылады, әрбір адам айналадағы ортаны жақсарта түсуге, туған өлкемізді көгалдандыруға қолынан келген үлесін қоса алады. Шара барысында қатысушылар саябақтарды жапырақ пен қоқыстардан тазартып, жол жиектерін ақтап, ағаштарды суарып, сәкілерді бояп, қоқысты шығаруымен айналыспақ.
«Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы - бұл барша ел үшін мағыналы кезең, және осы жылдан бастап осындай бұқаралық шаралар жылына қатарынан бірнеше рет өткізілуін қалаймыз. Еліміз дүниежүзіндегі ең таза жер болып, экологиялық жағдайы жақсы болуын тілейміз. Біз табиғатымызды сақтауымыз қажет, сонда ғана қайтарымында еліміз мен ұлтымыз салауатты болмақ» - , дейді «Исток» балалар мен жастар шығармашылығы орталығының өкілі, емей қаласындағы сенбіліктің ұйымдастырушысы Юлия Русинова,