«Өзбек, әзербайжан, қырғыз және түрік әріптестерімізбен барынша байыпты түрде серіктесуіміз қажет. Әсіресе, біздің әзірше тәжірибеміз жоқ бірқатар өнім түрлері бойынша жұмыстарды жандандыру керек. Яғни, біз ешқашан ондай өнімді өндірген емеспіз. Бірақ, ондай өнім Түркияда бар. Олардың тәжірибелері мол. Біз олармен серіктесіп, тәжірибелерін, технологияларын алуымыз керек. Жалпы, олар мұндай серіктестікке дайын», - деді Нұржан Әлтаев.
Оның сөзіне қарағанда, Қытай нарығына экспорттау үшін термиялық жолмен өңделген тауық сирағы мен ноқат (нут), ал араб елдеріне жасымық перспективалы тауар бола алады.