Үлкен Нарындағы анасы мен балаларының өліміне қатысты іс прокуратураның бақылауында

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қатонқарағай ауданына қарасты Үлкен Нарын ауылындағы жеке үйлердің бірінен анасы мен оның екі кішкентай қызының мәйіті табылған болатын. Аталған істі ШҚО прокуроры ерекше назарына алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Алдын ала белгілі болғандай, Үлкен Нарын ауылының тұрғыны өз үйінен әйелі мен екі баласының (8 айлық және 10 жастағы) мәйітін тауып алған. Әйелдің денесі жіпке асылып тұрған жерінен табылған. Ал балалардың денесінен кесілгендігін растайтын іздер анықталған.

Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК-нің «екі немесе одан да көп кісіні өлтіру» бабы бойынша соталды тергеу амалдары басталды.

«ШҚО прокуратурасы істі ерекше бақылауға алды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс жүргізіп жатыр. Процессуалдық прокурор тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде», - деп хабарлайды облыстық прокуратура.