Салтанат жеңісіне шексіз қуанышты. Бірнеше елден келген кәсіби әртістердің арасынан топ жарып шығу әнші үшін үлкен жетістік болды. Айта кетсек, Салтанат Ахметова Көкшетаудағы Біржан сал атындағы музыка колледжінің «ән салу» бөлімін және Қазақ ұлттық музыка академиясын «жеке ән салу» мамандығы бойынша бітірген. Кезінде әнші Италиядағы вокал өнері академиясында біліктілігін арттырған. 2013 жылдан бері «Астана Опера» театрында жұмыс істеп жүр. Бұған дейін Салтанат бірқатар беделді халықаралық байқауларға қатысып, жеңімпаз атанған болатын.
«Бұл байқаудың қатысушылары бір-бірін бәсекелес ретінде қарастырған жоқ. Бәріміз достасып кеттік. Мен жеңгеніме өте қуаныштымын. Алдағы уақытта одан да көп жұмыс істеймін. Маған қазірдің өзінде жақсы ұсыныстар түсіп жатыр», - дейді «Үлкен опера» байқауының жеңімпазы.