«Қытай билігінің жетекшілігімен он жыл бойы күш салудың арқасында қауіптілік деңгейі төмендеді, бұл үлкен панда секілді маңызды жануарлар түрлерін сақтап қалуға жұмсалған қаражаттың ақталатынын көрсетеді», - деп мәлімдеді Қытайдағы WWF атқарушы директоры Ло Цзе Пин.
WWF бас директоры Марко Ламбертини қытайлық әріптестерінің қажыр-қайратына қарамастан, үлкен пандалардың әлі де сирек түрге жататынын, әлі қауіп бар екенін айтты.
Табиғатты қорғау ұйымы алғаш рет 2014 жылы үлкен пандалар санынын өскенін байқады, онда бұлардың саны 17% ұлғайған еді.