«Үлкен сегіздік» өкілдері - Лондонда

АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат - «Үлкен сегіздіктің» өкілдері Лондонда жиналды.

Екі күнге созылатын жиын барысында 8 елдің Сыртқы істер министрлері Солтүстік Корея әрекетін және кең ауқымды басқа да бірқатар мәселелерді талқылайтын болады.

Жиын алдында АҚШ-тың мемлекттік хатшысы Джон Керри өзінің шетелдік әріптестерімен кездесті. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Оңтүстік Кореяға, Қытайға және Жапонияға баруды да жоспарлап отыр. Қазір Жапония Солтүстік Кореядан төніп тұрған қауіпке дайындалып жатыр. Ал, Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров журналистерге берген сұхбатында Солтүстік Корея мәселесіне қатысты АҚШ-пен келіспеушілік жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.