«Үлкен үштік» Ресей ішінде және ТМД-да роуминг тарифтерін төмендетті

АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Үлкен үштіктің» ұялы байланыс операторлары ресейішілік, сонымен қатар ТМД-ның барлық елдері аумағында роуминг тарифтерін азайтты, деп хабарлайды РБК.

Роумингті төмендету мәселелері бойынша жұмыстар Ресейде екі елдің, ең алдымен бүткіл Қазақстанның монополияға қарсы органдарымен бір мезетте қосарлана жүргізілді. Оған сонымен қатар, Украина мен ТМД-ның өзге де елдері тартылды.

ФАС ұсынған құжаттарға сай, халықаралық роумингке ерікті түрде бағалардың төмендетілуі орташа алғанда үш негізгі компания бойынша дауыс қызметтеріне - 1,5-2 есе, SMS-хабарламалар тарату қызметіне - 3 есе, жедел интернет қызметтеріне - 2-4 есеге жүзеге асырылмақ.