АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейнінде қар көшкіні жүруі мүмкін. Бұл туралы Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінен мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидрометтің» ескертуі негізінде 5-7 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде қар көшкіні жүруі мүмкін екенін хабарлады.
«Осыған байланысты қар басқан беткейлерге шықпаған жөн. Мүмкіндік болса тауға барудан бас тартқан дұрыс. Егер тауда сізге көмек қажет болса 112, 109 немесе 8 (727) 372 -15-60 (ҚР ТЖМ Республикалық жедел құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөлімшесі) қызметтеріне қоңырау шалыңыз», - деп ескертті департаменттен.
Думан Арғынгелді
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы қалалық филиалында, «Аягөз жаңалықтары», «Алматы ақшамы» газеттерінде қызмет атқарды. Мақалалары республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланды. 2021 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.