Үлкендігі тауықтың кішігірім жұмыртқасындай бұршақ жауды

АСТАНА. 17 маусым. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Техас штатында үлкендігі кішігірім тауықтың жұмырқасындай бұршақ жауған.

 Жергілікті тұрғындардың айтуынша, кейбір ірі бұршақ  көліктердің шынысын  сындырып жіберген, деп хабарлайды, BNews.kz ВВС орыс қызметіне сілтеме жасап.

Полиция 3 адамның жарақаттанып, ауруханаға түскенін хабарлады, ал қаза тапқандар жайлы дерек жоқ.. Апат кезінде Далласта ағаштар мен шатырлар қирап қалған, 6 мыңдай тұрғын үй электр жарығынсыз қалды.Бұршақ салдарынан келген шығын жүздеген миллион долларға жетуі ықтимал.