«Денсаулық сақтау саласындағы барлық мемлекеттік бағдарламалар уақтылы орындалды, Тәуелсіздік жылдары Ақмола облысында 50-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынды, ауылдық денсаулық сақтау саласында 11 жылжымалы медициналық кешен бар, сондай – ақ, облыс өңірлерінде 11 компьютерлік томограф және 4 МРТ аппараты жұмыс істейді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес 26 дәріхана пункті емханалар жанында жұмыс істейді, оларда бүгінгі күні жалпы сомасы 1.2 миллиард теңгеге 793 тегін дәрілік препараттар бар. Жоспар бойынша жалпы сомасы 8 миллиард теңге болатын 900 атаулы дәрілік препарат болуы тиіс», - дейді Серік Сахиев.
Орталық директорының айтуынша, өмір сүру ұзақтығы өзгерді. Денсаулық сақтау жүйесі тарапынан үнемі ерекше назар аударылып келеді. Соған қарамастан, орындаушылық тәртіпке байланысты тұрақты олқылықтар бар.
«Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, бар саланы қайта қарап, басымдықтарды белгілеу қажет. Бұл денсаулық сақтау саласындағы болашақ жобаларға да қатысты. Атап айтқанда мемлекеттік жекеменшік әріптестік тетіктерін пайдалана отырып, 20 аурухана салу жоспарланған. Әрбір нысанды салуға арналған шығыстар оның нақты құнынан бірнеше есе асып түседі. Президент тағы да өзінің денсаулық сақтауға көңіл бөлетінін атап өтті. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бірлесіп, оңтайлы қаржы моделі мен шығыстарды оңтайландыру тұрғысынан алғашқы сегіз нысан бойынша жұмыстар жүргізуде», - деп толықтырды Серік Сахиев.
Айта кетсек, 2025 жылға дейін ұлт денсаулығы жобасын жүзеге асыру аясында Көкшетау қаласында көпбейінді аурухана құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі күні Сарыарқа ықшамауданында жергілікті атқарушы орган тарапынан 17 гектар жер телімі бөлінген. Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасуда.