Қахар Дадашевтің пайымдауынша, коронавирус эпидемиясы басталғалы бері әлемде түрлі қауесеттер көбейіп кеткен. Бірі індет бар десе, бірі сенбестік білдіруде. Дегенмен, «сақтансаң сақтаймын» дегендей, бірқатар өңірлерде індет жұқтырғандар қатары ережелерді елемеу салдарынан артуда. Сондықтан карантинге қатысты ел басшылығы енгізген шараларды қатаң ұстанған абзал.
«Әрине, әр іс уақыт пен сабырлықты қажет етеді. Осы орайда әрбір қазақстандық азаматқа аурудың алдын алу шараларына мұқият мән берсе екен деймін. Сонда ғана біз аурудың үдей түсуіне жол бермей, бірлесіп, барлығын жеңеміз»,- дейді өзбек этномәдени бірлестігінің жетекшісі.