Жыл сайын Сербияда өтетін Ұлт кубогы бокстан қыздар арасындағы ең ірі турнирлердің бірі саналады. Турнирге 51 келі салмақ санатында қатысып жатқан Олимпиада ойындарына қатысушы Жайна Шекербекова әзірше ширек финалға жетті. Ал Қазақстан құрамасының негізгі сапы саналатын 2016 жылғы Әлем чемпионы Дина Жоламан Валентина Хальзова, Ләззат Күнгейбаева жартылай финалға шықты. Жоламан жартылай финалда қытайлық Лин Баомен, Күнгейбаева ресейлік Татьяна Кочедыковамен жұдырықтасады.
Ұлт кубогының финалдық кездесулері 15 қаңтарда өтеді.