«Мемлекет басшысының тікелей араласуымен Қазақстан тарихшыларына үлкен міндеттер жүктеліп отыр. Бұл - заңдылық. Өйткені, 20 жылдан астам уақыт бойы біз дербес, Тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп келеміз. Тәуелсіз елдің азаматтары да қалыптасты. Санамыз да тәуелсіз. Олай болса, тарихымызға да қайтадан, тәуелсіздік тұрғысынан, тәуелсіз сана тұрғысынан қайта қарау объективті қажеттілік», - деді Е. Сыдықов.
Оның айтуынша, бір кездері қазақ тарихын терең зерделеуге мүмкіндік болмай, кейбір ұлттық мүдденің фактілері бұрмаланып көрсетілді.
«Сондықтан да, Қазақстанның ұлттық тарихын тереңінен зерделейтін уақыт жетті», - деді Е. Сыдықов.